"Отаным — менің Қазақстаным" тақырыбында эссе байқауы
2025 жылдың 25 қазанында Республика күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай мектебіміз оқушылары арасында "Отаным — менің Қазақстаным" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың ойлау, жазу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Эсселерде балалар Қазақстанның табиғаты, тарихы, мәдениеті мен болашағы туралы өз ойларын әсерлі әрі жүрекпен