Шымкент қаласы білім басқармасының
"Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(87252) 95-49-79
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
11
февраль
2026

КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ

КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ 
Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
«Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар – мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылды», – деп түсіндірді спикер.
 Жобаның 14-бабының 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды деп көрсетілген. Көптеген азаматтар мен мамандар бұл норманы күшейтуді ұсынып, «адам құқықтары мен бостандықтары ҚР заңнамасының мазмұны мен қолданылуын айқындайды» деп қосуды сұраған.
 Бұл ұсыныстар ескеріліп, тармақ «Адам құқықтары мен бостандықтары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды, ҚР қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылатын болды.
«14-баптың 3-тармағында Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен мiндеттері бар делінген. Азаматтық адамның мемлекетпен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді. Демек, ҚР азаматтары Конституцияда белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің толық көлеміне ие және заң алдында тең. Аталған баптың 5-тармағы да нақтыланды. Өзгерген редакция бойынша, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адами болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс», – деді ол.
 Бұдан бөлек, Құрылтайды тарату тетігін неғұрлым икемді әрі ымыраға келуді көздейтіндей ету туралы ұсыныстар да ескерілді. Осыған байланысты «таратады» деген тұжырым «таратуға құқылы» деген нұсқамен ауыстырылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив