Шымкент қаласы білім басқармасының
"Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(87252) 95-49-79
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25
октябрь
2022

Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірлі оқушылар! 
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Баршаңызға белгілі, 29 қыркүйекте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды. Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алынып тасталған болатын. Ал биыл маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады деп атап өтті. Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шырқай берсін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! 
Ізгі тілекпен Хамза атындағы №42 жалпы орта мектеп директоры Садиков Косжан Ажибекович.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив