10
сентябрь
2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына өзінің"Әділетті Мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам"атты жолдауы мектеп ұжымымен талқыланды
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына өзінің "Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауы мектеп ұжымы мен талқыланды.
Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан:
-ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
-бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
-ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
-әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
-қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
-шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады;
-биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;


