31
октябрь
2025
"Менің Қазақстаным" тақырыбында сурет байқауы
2025 жылдың 25 қазанында Республика күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында "Менің Қазақстаным" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Бұл байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың туған еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыруға бағытталды. Оқушылар өз суреттерінде Қазақстанның кең байтақ табиғатын, мемлекеттік рәміздерін, халықтың бірлігін, бейбіт өмір мен болашаққа деген үмітті бейнеледі.

