Шымкент қаласы білім басқармасының
"Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(87252) 95-49-79
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2025

“Тіл – татулықтың тірегі”

“Тіл – татулықтың тірегі”
Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепте өлең оқу сайысы өтті
Қазақстан халқы тілдері күніне орай Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында “Тіл – татулықтың тірегі” атты өлең оқу сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру және этносаралық татулық пен бірліктің маңызын насихаттау болды.
Сайыс барысында бастауыш сынып оқушылары әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын, бір шаңырақ астындағы бірлікті, бейбіт өмірді ардақтайтын жүрекжарды өлең шумақтарын тебірене оқыды. Оқушылардың шынайы көңілмен, әсерлі дауыс ырғағымен оқыған туындылары көрермендерді тәнті етті.
Балалардың орындауында қазақ ақындарының ұлттар достығы, туған тіл мен ел бірлігі жайлы өлеңдері орындалып, тіл мен татулықтың ажырамас байланысы айқын көрініс тапты.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
🔹 Тіл – халықтың жаны, достықтың дәнекері. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлтаралық татулық пен достықтың құндылығы сіңіріле бермек.

https://www.facebook.com/reel/1163523485642981?locale=ru_RU 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив