03
сентябрь
2024
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ
02.09.2024ж күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде:
«Менің Отаным – Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқап, Отан туралы өлең-жырлар оқып, Отанға деген махаббатарын сурет салу арқылы паш етті. Сонымен қатар оқушыларға Қазақстан Республикасының бүгінгі күні жеткен жетістіктері туралы арнайы бейнероликтер көрсетілді.



