09
май
2025
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінде 2 "В" сынып жетекшісі М.Караханованың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Бұл өткен іс шара— өткенге тағзым, бүгінге аманат. Ардагерлерге көрсетілген құрмет пен алғыс болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
9-мамыр «Жеңіс» күні бүкіл дүниежүзі бойынша ұлы мейрам. Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді. Сіздердің ерен ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.
Мәңгілік ел есінде — Жеңістің рухы мәңгі жасай береді!


