14
май
2025
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебінде 12-16 мамыр аралығында РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ аясында, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға арналған буклеттер, жадынамалар, презентацияларәзірленді.
Репродуктивті денсаулық апталығының мақсаттары:
1. Халықты репродуктивті денсаулық саласындағы сенімді ақпаратқа және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
2. Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу.
3. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық әріптестер арасындағы сектораралық өзара іс-қимылды нығайту.
Күтілетін нәтижелер:
1. Репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың хабардар болу деңгейін арттыру.
2. Профилактикалық медициналық тексеруден өткен және білікті кеңес алған жасөспірімдер мен жастар санының өсуі.
3. Ауруларды ерте анықтау және алдын алу арқылы елдегі репродуктивті денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға жәрдемдесу.
4. Репродуктивті денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар арасындағы сектораралық өзара іс-қимылды нығайту.



