
2025 жылғы 28 мамыр күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебінде жазғы мектепалды алаңшаның үшінші күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шаттық пен сергектікке толы күн болды!
Балалар үшін бұл күн шынайы қуанышқа, жаңа тәжірибе мен жан-жақты дамуға бағытталған мазмұнды шаралармен есте қалды:

Таңғы сергіту жаттығуы – балалардың күнді сергек әрі көтеріңкі көңіл-күймен бастауына сеп болды.

Шығармашылық пен достық рухындағы түрлі ойындар мен танымдық шаралар – балалардың әлеуметтік және зияткерлік дағдыларын дамытуға негіз болды.

Әр күн – жаңа әсер, жаңа дос, жаңа мүмкіндік!
Жазғы алаңшаға келген бүлдіршіндер күн сайын тың дүниені меңгеріп, жаздың ең шуақты сәттерін өз жүректеріне сақтауда.

Біздің басты мақсатымыз – балалардың жазғы демалысын мағыналы, қызықты және қауіпсіз өткізу. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда!
https://www.facebook.com/100007548465638/videos/pcb.3935913076670269/709632011607343?locale=ru_RUhttps://www.facebook.com/100007548465638/videos/pcb.3935913076670269/469979482864636?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/100007548465638/videos/pcb.3935913076670269/608656728222836?locale=ru_RU