12
февраль
2024
«Көктем -2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 2024 жылдың 07 ақпандағы № 10-09-08/695 шығыс хаты негізінде мектепте «Көктем -2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауын орындау мақсатында мектепте су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін жинау-эвакуациялау пункттері іс-жүзінде жайып көрсетілді,төтенше жағдайлар орын алған кездегі алғашқы көмек көрсету бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, адамдарды қабылдау және орналастыру практикалық оқу-жаттығулар берілген нұсқаулықтармен тапсырмалардың орындалуы қамтамасыз етілді , ашық- тәрбие сағаттар, сынып сағаттар, ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. 














