Шымкент қаласы білім басқармасының
"Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(87252) 95-49-79
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Turan” медициналық колледжіне экскурсия
06
март
2025

“Turan” медициналық колледжіне экскурсия

“Turan” медициналық колледжіне экскурсия
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогі П.Имамалиева  9-сынып оқушыларын Шымкент қаласындағы «Turan» медициналық колледжіне танымдық экскурсияға алып барды. Бұл іс шара оқушыларға медицина саласымен жақынырақ танысуға, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға көмектесу мақсатында өткізілді.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу бағдарламасы, зертханалары, тәжірибелік сабақтары және студенттердің оқу барысы туралы толық ақпарат алды. Колледж ұстаздары мен студенттері болашақ медицина қызметкерлерін дайындау процесі, заманауи медициналық құралдар мен технологиялар туралы әңгімелеп берді.
Оқушыларға анатомия, фармация және алғашқы медициналық көмек көрсету кабинеттері көрсетілді. Кейбір тәжірибелік сабақтарға қатысып, өздерін болашақ дәрігер немесе медбике ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар колледжге түсу шарттары мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы да мағлұмат алды.
 Экскурсия оқушыларға пайдалы әрі қызықты болды. Олар медицина саласына деген қызығушылықтарын арттырып, өз болашақтарына жаңа мақсаттар қойды.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив