07
март
2025
"Ана-өмірдің гүлі" тақырыбында мерекелік концерт
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, 8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР күніне орай, "Ана-өмірдің гүлі" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасан зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Қазіргі қоғамдағы қыз балалардың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.
Мереке барысында мектепке ерен еңбегі сіңген мұғалімдер марапатталды.


