Шымкент қаласы білім басқармасының
"Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(87252) 95-49-79
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2025 жылғы №265 н/қ бұйрығы негізінде Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
❌ 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
❌ Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
❌ Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
❌Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға; 
❌ Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
❌ Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
📌 Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
📌 “2024-2025 оқу жылының аяқталуы салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
📌 Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
📌 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
Сұрақтарыңыз болса, 87753467745 нөмірі арқылы қоя аласыздар.
Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектеп директоры: Садиков Косжан Ажибекович
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив