31
август
2022
Мектептің 2022-2023 оқу жылының жылдық жұмыс жоспары
Мектептің 2022-2023 оқу жылының жылдық жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына негізделіп жасалды. Жылдық жоспарды жасау барысында Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 және 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі бұйрықтары басшылыққа алынған. Жалпы мектептік жоспар «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No 348 бұйрығы негізінде әзірленген. Мектептің оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы No 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы негізінде әзірленді. Қазақ, өзбек және орыс тілдерінде оқытатын 1-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу жүктемесі төмендетілген типтік оқу жоспарларына негізделген. Төмендетілген жүктемеге көшу оқушыларға ерте профильдеу арқылы өз білімдерін қызығушылыққа негізделген түрде дамытуға мүмкіндік береді
2022-2023 оқу жылында мектепте 3 ауысымда оқуды бастайтын 85 комплект сыныбы бар, 6 сынып 3-ші ауысымда оқиды, ондағы жалпы бала саны 107. Мектептегі оқушылардың нақты саны жобалық қуаттан асып кетуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына толығымен көшу мүмкін емес. Оқу аптасының ұзақтығы туралы мәселе мектептің қамқоршылық кеңесінде талқыланып, кәсіподақ комитетінің төрағасымен де келісілді.