01
сентябрь
2022
1 қыркүйек -Білім күні. Алғашқы қоңырау
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N42 жалпы орта мектебінде 1 қыркүйек -Білім күні мерекесі "БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны жоғары деңгейде аталып өттілді. Алғашқы қоңырау мерекесін мектеп директоры К. А. Садиков құттықтау сөзімен ашты. Мерекемізге келіп қуанышымызға ортақ болып отырған, қамқоршылық кеңесінің төрайымы У. Нарметова мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
Сонымен қатар, іс-шарада әннен інжу-маржан шашылып, мың бұралған биші қыздарымыз қонақтар мен жиынға қатысушыларды өнерлерімен тәнті етті.







