06
март
2025
Кәсіптік бағдар бойынша тест
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогі П.Имамалиева 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар бойынша тест жүргізді. Бұл тест олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталды.
Тест барысында оқушылар өздерінің қызығатын салаларын, дағдыларын және болашақта қандай бағытта дамығысы келетіндерін анықтады. Нәтижелерді талдау арқылы әр оқушыға қандай мамандықтар сәйкес келетіні туралы ұсыныстар берілді.
Бұл тест оқушыларға өз болашағы туралы ойлануға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және дұрыс таңдау жасауға көмектесті.