Құттықтаймыз!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ниязматова Луиза Астана қаласының білім басқармасы ұлттық қолөнерді насихаттау, мәдени мұраны құрметтеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында эстетикалық талғам мен рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі" атты республикалық балалар фестивалінде ерекше дарынды қабілетімен көзге түсіп, үздік туындысы үшін Дипломмен марапатталды.