14
январь
2023
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңес алдында есеп.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N42 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры К. А. Садиков 2023жылы 6 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңес алдында есеп берді.
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытынды есебі
2. 2022-2023 оқу жылында демеушілер және бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы және игерілуі.
3. АӘК алатын, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтылуы.
Қамқоршылық кеңес төрайымы У.Нарметова және қамқоршылық кеңес мүшелері отырыс барысында өз ойларымен бөлісті және атқарылып жатқан іс-шараларға оң көзқарас білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.



