29
апрель
2025
НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 28 сәуір күні Тұран АПБ ЮПБ полиция инспекторы Бекмырза Бибол, аға лейтенант Б. Мендибаевтардың қатысуымен “Нашақорлықтың алдын алу”тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында нашақорлықтың не екендігін, жөсөспірімдер мен басқа да ересек адамдарға келтіретін зияны туралы егжей-тегжей түсіндіріліп сұхбат жүргізілді. Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.



