28
май
2025
"Мектебім, саған мың алғыс!"
"Мектебім, саған мың алғыс!" 


2025 жылдың 23 мамыры күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебінде жүрекке жылы, ерекше толқынысқа толы сәт – мектеп бітіруші түлектерге арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты жиын өтті. Бұл – сағыныш пен алғысқа толы, естеліктерге бай ұмытылмас күн!
Мақсаты – түлектердің жүрегінде ұстазға, сыныптастарға, алтын ұя мектебіне деген ыстық ықылас пен алғысты, болашаққа деген сенімді қалыптастыру.
Салтанатты кеште мектеп директоры Садиков Қосқан Ажибекович және ұстаздар қауымы жүрек жарды тілектерін арнап, түлектерге сәт сапар тіледі. Түлектер де ұстаздарына алғыс білдіріп, арнау өлеңдер оқыды, ән шырқап, ерекше әсерге бөленді.
"Мектебім, саған мың алғыс!" – бұл түлектер үшін мәңгі жүректе сақталатын, жаңа өмірге бастар алғашқы қадам. Барша түлектерге жарқын болашақ, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!




